Білімнің бағасы: менің алғашқы 50 000 теңгем
«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» демекші, білім — адам өміріндегі ең құнды дүние. Білімсіз адамның болашағы қараңғы, өмірі мәнсіз болмақ.
Осы білім тақырыбы аясында, өзімнің 9-сынып кезінде білім арқылы қалай 50 000 теңге иегері атанғанымды айтып өтпекпін.
9-сынып кезінде Жамбыл облысы бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында «Тарихы терең Таразым» атты ауқымды байқау ұйымдастырылды. Байқау екі кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңінде ауданнан облысқа жолдама алу қажет, ал ол үшін үш түрлі жанрдағы үш кітапты 1 ай ішінде оқып аяқтау қажет болды. Солайша мен қазақ балалар әдебиетінен Әлдихан Қалдыбаевтың «Мен апамның баласымын», әлем балалар әдебиетінен Марк Твеннің «Том...