Добавить новость
World News

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Құқықтық көмек: Сенат Қазақстан мен Перу арасындағы үш құжатты мақұлдады

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында Қазақстан мен Перу Республикасының ынтымақтастығына бойынша үш заң мақұлданды.

Біріншісі — «Қазақстан Республикасы мен Перу Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» Заңы.

Аталған шартқа 2024 жылғы қазан айында Астана қаласында қол қойылды.

Заңның мақсаты — уағдаласушы мемлекеттердің қылмыстардың алдын алуды, тергеп-тексеруді, қылмыстық қудалауды және сот төрелігін жүзеге асыруды қамтамасыз етуде ынтымақтастық пен құқықтық көмек көрсету.

Шартта екі елдің құзыретті органдарының өзара іс-қимыл мәселелері реттеледі. Атап айтқанда:

– құқықтық көмек көрсетудің қолданылу аясы;

– сұрау салудың нысаны мен мазмұны, оны орындау тәртібі;

– азаматтардың құқықтарының сақталуына кепілдіктер;

– қамаққа алынған және сотталған адамдарды уақытша беру;

– тәркілеу рәсімдеріне көмек көрсету;

– қаржылық ақпараттарды, банк шоттарын анықтау және тоқтатып қою;

– шығындарды өтеу мен келіспеушіліктерді реттеу жолдары және өзге де ұйымдастырушылық мәселелер бойынша ережелер нақтыланған.

— Шартқа сәйкес, тараптар өзінің ұлттық заңнамасы аясында қылмыстық істер бойынша бір-біріне кең ауқымды құқықтық көмек көрсетуге міндеттеледі. Бұл іс-қимылдарды әрбір тараптың құзыретті органдары өздерінің ұлттық заңнамасына сәйкес жүргізеді. Қазақстанда – Қылмыстық-процестік кодекс аясында жүзеге асырылады. Сонымен қатар, құжатта құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды орындаудан бас тартудың нақты негіздері белгіленген, — деді сенатор Нұрлан Бекназаров.

Бүгінге дейін Қазақстан осындай келісімді 33 мемлекетпен жасаған (Қытай, Ұлыбритания, Франция, АҚШ және т.б.). Енді осы серіктестік қатары Перу Республикасымен толықпақ. Шартты ратификациялау екі ел арасындағы өзара құқықтық көмек көрсету мәселелеріне байланысты қарым-қатынасты реттейді және қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Сотталғандарды беру тәртібі жеңілдейді

Екінші қабылданғаны — «Қазақстан Республикасы мен Перу Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

Шартқа 2024 жылғы 23 қазанда Астана қаласында қол қойылды.

Заңның негізгі мақсаты — бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды олардың әлеуметтік реинтеграциясына жәрдемдесу мақсатында өздерінің азаматтығы бойынша тиесілі мемлекетте жазасын одан әрі өтеу үшін беруге құқықтық негіз құру.

— Шартқа сәйкес тараптар белгіленген жазаны екінші тараптың аумағында өтеу үшін сотталған адамдарды беру саласында ынтымақтастықты жүзеге асыруға міндеттенеді. Сондай-ақ, сотталғандарды беру үшін талаптар, беруден бас тарту негіздері айқындалған, — деді сенатор Жанна Асанова.

Сотталған адам мынадай шарттар сақталған жағдайда берілуі мүмкін:

— егер ол қабылдаушы Тараптың азаматы болса;

— үкім түпкілікті болып, орындалуға жататын болса;

— беру туралы сұрау салуды алған кезде қалған жаза мерзімі кемінде алты айды құрауы тиіс;

— сотталған адам ауыстыру туралы өтінішхатпен жүгінген кезде;

— әрекет немесе әрекетсіздік екі Тараптың да ұлттық заңнамасына сәйкес қылмыс болып саналса;

— екі Тарап та сотталған адамды беруге келісуі қажет;

— төлем қабілетсіздігін растайтын жағдайларды қоспағанда, сотталған адам айыппұл төлесе немесе залалды өтесе.

Шартта беруден бас тартудың негіздері нақты айқындалады. Егер беруші тарап егемендікке, қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіпке залал келтіруі мүмкін немесе оның ұлттық заңнамасына қайшы келеді деп санаса, беруден бас тартылуы мүмкін.

Шартты іске асыруға жауапты орталық органдар: Қазақстан Республикасы тарапынан – Бас прокуратура, ал Перу Республикасынан – Мемлекеттік Прокурордың офисі.

Перу мемлекеті іздеуде жүргендерді ұстап береді

Сонымен қабылданған үшінші құжат — «Қазақстан Республикасы мен Перу Республикасы арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы» Заңы.

Ратификациялауға ұсынылған шарт іздестіріліп жүрген адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тарту немесе сот үкімін орындау үшін оларды ұстап беру мәселелерін реттейді.

— Сонымен қатар, шарт ұстап беруден бас тартудың міндетті негіздерін айқындайды. Оның ішінде: егер қудалау адамның ұлтына, азаматтығына немесе саяси көзқарасына байланысты болғанда, егер адамның қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетін қорлайтын қарым-қатынасқа ұшырауы мүмкін деп пайымдауға негіздер болса, өлім жазасы немесе азаптау қаупі бар кезде. Шартқа сәйкес мемлекет өз азаматтарын ұстап беруге міндетті болмайды. Өз азаматын ұстап беруден бас тартқан жағдайда, сұрау салушы тараптың өтініші бойынша сұрау салынған тарап бұл адамды өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес қылмыстық қудалауға тартуға немесе заңды күшіне енген сот үкімін орындауға тиіс, — деді сенатор Марат Қожаев.

Шартты іске асыру ұстап беру туралы жазбаша сұрау салу негізінде жүзеге асырылады. Осы құжат аясында өзара іс-қимыл жасайтын орталық органдар ретінде Қазақстан Республикасы үшін – Бас прокуратура, Перу Республикасы үшін – Мемлекеттік Прокурордың офисі белгіленеді.

— Қазіргі уақытта Перу және Қазақстан аумақтарында сот төрелігінен жасырынып және уәкілетті органдармен іздестіріліп жүрген адамдар жоқ. Заңды қабылдау қылмыстылыққа қарсы күресте ынтымақтастықтың құқықтық негізін нығайтуға және екі ел арасындағы құқық қорғау органдарының қылмысқа қарсы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді, — деді депутат.

Еске салсақ, былтыр күзде Қазақстан мен Қатар сотталғандарды беру жөнінде келісімге келді.

Сообщение Құқықтық көмек: Сенат Қазақстан мен Перу арасындағы үш құжатты мақұлдады появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media









103news.com — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 103news.com.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.

Другие популярные новости дня сегодня


Новости 24/7 Все города России



Топ 10 новостей последнего часа



Rss.plus


Новости России







Rss.plus
Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России