Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын жауады
![Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын жауады](http://www.inform.kz/fotoarticles/20170809235904.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты Қазақстанның басым аймақтарында құбылмалы ауа райы болып, өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел күшейіп, бұршақ, дауыл болуы мүмкін, тек Республиканың батысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.