Мұнайшылар жалақының толық есептелмегеніне наразы
Маңғыстау облысындағы Oil Construction Company мекемесінде жүріп жатқан 5/50 «жұмсақ оңтайландыру» бағдарламасы мұнайшылар арасында наразылық тудырып отыр. Жұмыстан кеткен мұнайшылар жалақыларының дұрыс есептелмегеніне шағымданады. Компания директоры жалақының заңға сәйкес келсе ғана төленетінін айтады.