Қорғас өзенінде «Шүкірбұлақ» бөгетін салу туралы келісім ратификацияланды
![Қорғас өзенінде «Шүкірбұлақ» бөгетін салу туралы келісім ратификацияланды](https://www.inform.kz/fotoarticles/20180629174613.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қорғас өзенінде «Шүкірбұлақ (Алмалы)» бірлескен сел ұстайтын бөгетін салудағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.