Түркіменстан президенті ұлын уәлаят басшысы етіп тағайындады
![Түркіменстан президенті ұлын уәлаят басшысы етіп тағайындады](https://gdb.rferl.org/3A656B10-E4CE-4EF4-9A1B-3169456E6B2D_cx0_cy2_cw0_w800_h450.jpg)
Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов ұлы Сердар Бердімұхамедовті Ахал уәлаятының (облысы) әкімі етіп тағайындады. Бұл ақпаратты Түркіменстанның мемлекеттік ақпарат агенттігі хабарлады. Қаңтар айында уәлаят әкімінің орынбасары болып тағайындалған президент ұлы бұл қызметте толық алты ай жұмыс істеп те үлгермеді.