БАҚ: Сирияда үш ресейлік сарбаз қаза тапты
"Ведомость" басылымына сұхбат берген қызметкердің айтуынша, әскерилер 4 қыркүйекте Джурин елді мекені аумағында қаза тапқан, бұл аудан үкімет күштері бақылауында. Алдын ала ақпарат бойынша, екі мина жарылып, бомба жарықшақтары әскерилерге тиген.
Al-Masdar сайты Түркия қолдайтын Сириядағы "Ұлттық азат ету фронты" өкілдерінің сөзіне сүйенген. Олардың айтуынша, Идлиб провинциясының шығысындағы Аджаз елді мекені аумағында шабуыл ұйымдастырмақ болған әскерилер қоршауда қалған.
Ресейдің қорғаныс министрлігі екі әскери қаза тапты деген ақпаратты жоққа шығарды.
Кейбір сарапшылар жоғарыда айтылған жайттар екі түрлі оқиға да болуы мүмкін деп болжайды. Conflict Intelligence Team зерттеу тобының хабарлауынша, Аджаз бен Джурин арасы 60 шақырым.
31 тамызда Сирия тарабы Идлиб провинциясындағы деэскалация аймағында атысты тоқтату туралы режим енгізген. Хан-Шейхун қаласы басып алынғаннан кейін осындай хабарлама жасалған.
Ресей Сирияда әскери операциясын 2015 жылы күзде бастаған. Ол ел президенті Башар Асад әскерін қолдап, елдегі сегіз жылға созылған азаматтық соғыста Асадтың басымдыққа ие болуына ықпал еткен.
Ресми дерек бойынша, Сириядағы әскери операция кезінде 40-тан астам ресейлік сарбаз қаза тапқан.