Республика бойынша шығарылған барлық сот актілерінің 98,6 пайызы заңды әрі негізді деп танылды - Қ. Мәми
АСТАНА. ҚазАқпарат - Республика бойынша шығарылған барлық сот актілерінің 98,6 пайызы заңды әрі негізді деп танылды. Бүгін ҚР Жоғарғы Сотында республика соттарының 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмыс қорытындыларына арналған кеңейтілген кеңесте ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми осылай мәлім етті.