ШҚО-да жаппай маска тағу талап етілетін болды
![ШҚО-да жаппай маска тағу талап етілетін болды](https://www.inform.kz/radmin/news/2020/11/01/201101170355a3713319d.jpg)
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – 1 қарашадан бастап Шығыс Қазақстан облысында үйден кез келген жаққа шығу үшін маска тағу керек. Бұл туралы облыстың бас санитарлық дәрігерінің 29 қазандағы №23-1 қаулысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат yk.kz-ке сілтеме жасап.