Қазақстанда ТМД елдерінің ядролық авария кезінде өзара көмек көрсету туралы келісімі ратификацияланды
![Қазақстанда ТМД елдерінің ядролық авария кезінде өзара көмек көрсету туралы келісімі ратификацияланды](https://www.inform.kz/radmin/news/2021/02/01/210201162914813e.jpg)
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ядролық авария немесе радиациялық авариялық ахуалдың туындау жағдайына дайындықты және олардың зардаптарын жою кезіндегі өзара көмекті қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимылы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.