Биыл Қазақстанда 800-ге жуық ауыл әкімі сайланады
![Биыл Қазақстанда 800-ге жуық ауыл әкімі сайланады](https://www.inform.kz/radmin/news/2021/02/10/210210200053345e.jpg)
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жергілікті басқару өкілдерін тағайындауға қатысты өзгерістердің бірі - ауыл әкімдерін халықтың өзі сайлауы. Осы орайда ауыл әкімдерін сайлау процесі қалай өтеді, сайлау туралы заңнамаға қандай өзгерістер енгізіліп жатқаны туралы ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Ұлттық экономика министрлігі өңірлерді талдау және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту департаментінің директоры Анар Бектөкенова айтып берді.