СҚО-да прокурорлар өткен жылы 53,5 мың адамның құқығын қорғады
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында прокурорлар былтыр 132 тексеру, 309 талдау жүргізіп, мыңға жуық заң бұзушылықты анықтады. Жалпы 53,5 мың адамның құқығы қорғалса, 561 адам әртүрлі жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.