Біз 24/7 жұмыс істейміз: Түркиядағы қазақстандық мамандар үйінді астынан 3 адамды қалай құтқарды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Түркияда құтқару жұмыстарын жүргізіп жатқан қазақстандық мамандар 20 сағаттан астам уақыт үздіксіз жұмыс істеп әкесі мен оның екі баласын үйінді астынан аман шығарып алды. Құтқарушылар құтқару жұмыстары қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖМ сілтеме жасап.