Ғылым өңірдің дамуына қызмет етуі керек – тарихшы Ақан Оңғарұлы
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында мамандардың алдында ғасырға жуық жиналып, бірақ бірізділенбеген археологиялық мұраны зерттеу міндеті тұр. Жоба екі жылға шақталған. Іске асыруға Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, СҚО тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекция, СҚО тарихи-өлкетану музейі және Ә.Марғұлан атындағы археологиялық институт қатысады. Осыған орай ҚазАқпарат тілшісі Ә.Марғұлан атындағы археологиялық институтының директоры, тарихшы Ақан Оңғарұлынан ауқымды жоба аясында қандай жұмыс атқарылатынын білді.