Қайырымдылықтың нәтижесі
Мәулана Жалаледдин Руми (қуддиса сиррух) хазреттің Мәснәуи кітабынан:
Өте тәкаппар, бай бір кісі есігінің алдына келген бір кедейге ештеңе бермегенімен қоса, оны жәбірлеп, мұқатып есікті тарс жабады. Байғұс кедей бір шетке отырып жылай бастайды. Дауысын естіген сол маңдағы көзі соқыр кісі қасына жақындап неге жылап отырғанын сұрайды. Кедей болған оқиғаны айтып береді. Соқыр кісі кедейге үйіне қонақ болуын, өзіне серік болып бірге тамақтануын өтінеді. Кедей қысылып қажеті жоқ дегенімен әлгі соқыр кісінің қоймай шақыруымен келісіп үйіне келеді.
Үйіне келген қонақты көр кісі жақсылап күтіп, әңгіме құрып, қарнын тойдырып шығарып салады. Кедей кісінің оған разы болғандығы соншалық, шын ықыласпен оған: «Сен...