Қазақстанда әлі де тәрбиеші, күзетші, жүргізуші секілді мамандарға сұраныс өте жоғары
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл сәуірде электронды еңбек биржасында 85,9 мың бос жұмыс орны және 73,9 мың түйіндеме жарияланды. Наурыз айымен салыстырғанда бос орындар саны 17%-ға (+12,5 мың), ал түйіндеме – 16,4% - ға (+10,4 мың) өсті. Бос жұмыс орындарының да, түйіндемелердің де өсуі негізінен елдің барлық дерлік аймақтарында ауыл шаруашылығы саласындағы белсенділік есебінен болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.