Добавить новость
World News in Kazakh



Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Барлық бала отбасында тәрбиеленуі керек деген мақсат қойып отырмыз - Смайылов

Бейсенбі, 1 маусымда, Астанада Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Үкімет басшысы осында тұратын балалармен тілдесіп, олардың тұрмысы мен оқу жағдаймен танысты. премьер-министрге оқу кабинеттері, ойын алаңы, жатын бөлмелер мен асхана көрсетілді, сондай-ақ балалармен жүргізіліп жатқан жұмыстар және оларды мектептен кейінгі қолдау шаралары туралы айтылды.
Әлихан Смайылов орталық тәрбиеленушілерін Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады.

"Бұл – біз үшін ерекше мереке, өйткені балалар – біздің болашағымыз! Балалардың дені сау, ақылды және табысты болып ержетіп, сапалы білім алғанын қалаймыз. Ал мемлекет бұл үшін барлық қажетті жағдайды жасауды жалғастырмақ", - деді премьер-министр.

Үкімет басшысы ел Президенті жетім балаларды әлеуметтік қорғау және оларды отбасында тәрбиелеу мәселелеріне ерекше назар аударатынын атап өтті. Соңғы 10 жылда республикадағы балалар үйлерінің саны 41 пайызға, ал ондағы балалар саны 65 пайызға төмендеді. Бүгінгі таңда елде 3 700-ге жуық бала тұратын осындай 116 мекеме бар.

"Біз әр баланың отбасында тәрбиеленгенін қалаймыз. Сондықтан жыл соңына дейін кәсіби асырап алушы отбасылар институтын енгізу бойынша заңнамалық нормалар қабылданатын болады. Біз барлық бала отбасында тәрбиеленуі керек деген мақсат қойып отырмыз. Сол кезде балалар үйлерінің қажеті де болмай қалады", - деді Әлихан Смайылов.

9-сынып оқушысы Надежда Малахова премьер-министрге орталық тәрбиеленушілері салған суретті сыйлады. Ал балаларға тәтті сыйлықтар, велосипедтер мен самокаттар тарту етілді.
Әлихан Смайылов орталықта тәрбиеші болып жұмыс істейтін мекеме түлектері Гүлзат Газеева және Мария Захаровамен, сондай-ақ Қазақстанның балалар үйлері түлектері қауымдастығының басшысы Рафаэль Гасанов және орталық директоры Бибігүл Такисовамен әңгімелесті.
Үкімет басшысы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қатысты сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап берді. Атап айтқанда, оларды баспанамен қамту және білім беру шаралары туралы сөз қозғады.
Премьер-министрдің айтуынша, бүгінде осы санаттағы балалардың бірінші кезекте үй алуға құқығы бар. Коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе әкімдіктердің жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған үйлердің кемінде 20 пайызы заңды түрде осындай санаттағы балаларға бөлінеді.

"Биыл республикалық бюджеттен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін пәтерлерді сатып алуға 100 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл қаражаттың кем дегенде 20 пайызы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға беріледі. Сонымен қатар, әр өңірде бюджеттен тыс және демеушілер қолдауы есебінен тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар көзделген осы санаттағы балаларды қолдау жөніндегі кешенді жоспарлар бар", - деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар, премьер-министр әлеуметтік осал санаттағы балалар үшін оқуға квота көзделгенін атап өтті, бүгінде ол бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысының 1 пайызы. Тәжірибе көрсеткендей, бұл жеткілікті көлем, алайда Үкімет қажет болған жағдайда оның мөлшерін қайта қарауға дайын.
Әңгіме барысында орталық директоры Бибігүл Такисова премьер-министрге мекеме аумағында спорт алаңын салуға жәрдемдесу туралы өтініш айтты. Әлихан Смайылов қала әкімі Жеңіс Қасымбекке осы мәселені қысқа мерзімде шешуді тапсырды.
Бүгінгі таңда орталықта үш жастан 18 жасқа дейінгі 66 бала тұрады, оның ішінде 28 жетім бала бар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media









103news.com — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 103news.com.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.

Другие популярные новости дня сегодня


Новости 24/7 Все города России



Топ 10 новостей последнего часа



Rss.plus


Новости России







Rss.plus
Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России