11 шілдеде ел өңірлерінде қатты ыстық болады
АСТАНА. ҚазАқпарат – 11 шілдеде республиканың басым бөлігінде антициклон жотасына байланысты жауын-шашынсыз күн райы қалыптасады. Елдің тек батысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Өңірлерде жел күшейіп, батыста, оңтүстік-батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. ҚазАқпарат бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.