«Алтын Орда» базарының маңындағы жолда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Алтын Орда» базарының маңындағы жолдың тазалығына жауапты мамандар күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.