ШҚО соты Маралдыдағы алтын фабрикасына берілген жер дауы жөнінде шешім шығарды
Шығыс Қазақстан облыстық экономикалық соты Маралдыдағы алтын фабрикасына жер заңсыз берілген деген жер ресурстары департаментінің уәжін негізсіз деп тапты. Судья "фабрика 80 пайыз салынып қойғанына" да назар аудару керек деді. Ұзақтан бері құрылысқа қарсы болып жүрген тұрғындар шешімге наразы.