Сырымның үш қасиеті
Бір топ жолаушы Сырымды іздеп келе жатса, алдарынан бір әйел шығады. Жөн сұрасып, әйел жолаушылардың Сырымға бара жатқанын біліп, беріп жіберетін аманаты бар екенін айтып, оны Сырымға жеткізуді өтінеді.
(II нұсқа)

— Ол не аманат, жеңіл ме, ауыр ма? — деп сұрайды жолаушылар.
— Қадірін білсеңіз, жеңіл де емес, алып жүруге ауыр да емес, — дейді де әйел басындағы орамалын көтеріп бір тал шашты желкесінен, бір тал шашты төбесінен, енді бір тал шашты маңдайынан жұлып алып жолаушыларға береді. Содан кейін оң жақ қолтығынан бір жапырақ шүберек жыртып береді. Тезек теріп жүрген қабының бір жұлымын жыртып алып, оны да Сырымға жеткізіңіз...