Астанадағы әуе айлағында метеорологиялық жағдай әлі де күрделі
Астана халықаралық әуежайында өткен тәулікте (30.12.23) ауа райының қолайсыздығына байланысты 40 рейс кейінге қалдырылды. Елорда әуежайында 30 желтоқсан таңғы 9:00 бен 12:00 аралығында ұшып-қонуға шектеу енгізілді, деп хабарлайды Kazinform әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.