Ділмар аңдар (ертегі қойылым)
Мектеп сахнасына арналған шағын ертегі қойылым
Ділмар аңдар
(Ертегі - қойылым)
Жапалақ (автор):
Бір күні қазақ даласындағы күллі аңдар жиналып, жаңылтпаш пен өтірік өлеңнен жарыс өткізбекші болады. Аң патшасы Арыстан гүрілдеп, былай деп сайысты бастапты.
Арыстан:
— Уа, аңдар! Қош келдіңіздер сөз жарысына! «Жақсылық та, жамандық та жұғатынын» барлығымыз білеміз. Біз қазақ даласында тұрып жатқандықтан, сөзге — ұста, тілге — шешенбіз. Осы жақсы қасиет соңғы ғасырда жоғалып барады. Кейінгі ұрпаққа үлгі болсын, жиі «сөз жарысын» өткізіп отырайық?!
Аю:
— Жөн сөз! Арекеңе қосыламын!
Жолбарыс:
— Дұрыс! Ұлттық құндылықтары ұлықтауымыз керек!
Жапалақ:
— Олай болса басталық!
Қазылар алқасы мүшелері: Арыстан, Аю,...