Қызылшаның таралуы: Астананың санитарлық дәрігері ата-аналарға үндеу жасады
АСТАНА. KAZINFORM - Елордада қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай ушығып тұр. Мұның басты себептерінің бірі – вакцинацияның аздығы. Бұл әсіресе балалар арасында жиі кездесетін проблема. Осыған байланысты Астананың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова ата-аналарға үндеу жасады.