Біздің ауылға қаладан көшіп келіп, кәсіп бастап жатқан адамдар бар — Гүлжан Досмағамбетова
АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Әкімдік қызметте 10 жылдан астам тәжірибесі бар Гүлжан Досмағамбетова алғашында мұғалім болып, бала тәрбиеледі. Кейін туған жеріне оралып, ұстаздық қызметін жалғастырды. Көп этносты ауылдың әкімі қазір елдімекенге қалалықтардың да көшіп келіп жатқанын айтты. Ауылдың инфрақұрылымына қызығатындар мен мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын дамытуды көздейтін адамдар осы Қосестек ауылдық округін таңдайды. Kazinform тілшісі туған жерін бәрінен биік қойған Гүлжан Досмағамбетовамен сұхбаттасты.