Төмпешікке айналған ауыл. Зайсан зілзаласының жазылмаған жарасы
![Төмпешікке айналған ауыл. Зайсан зілзаласының жазылмаған жарасы](https://gdb.rferl.org/01000000-c0a8-0242-169f-08dc7029001c_w800_h450.jpg)
1990 жылғы 14 маусымда Шығыс Қазақстандағы Зайсан ауданында 8 балдық жер сілкінісі болды. 9 мыңдай үй құлап, бір бала көз жұмды. Қираған ауыл сол баланың атымен "Біржан" аталады. Азаттық тілшісі Біржанға барып, 34 жыл бұрынғы зілзаланың жарасы жазылмағанына, жұрттың одан сабақ алмағанына куә болды.