Путин айналасындағы саясаттанушы тағы ядролық қару қолдануға шақырды
Өзінің "Тежеуден қорқытуға дейін: ядролық қару, геосаясат, коалициялық стратегия" ("От сдерживания к устрашению: ядерное оружие, геополитика, коалиционная стратегия") атты кітабының тұсаукесерінде Караганов Ресейдің ядролық қару иеленуіне"Құдайдың өзі септесіп отырғанын" айтты.
"Біз Құдайды ашуландырмай, өзімізді құтқару үшін қолда бар қаруды белсене қолдануымыз керек" деді саясаттанушы.
Ядролық соққы жасаудан бас тарту "совет және Ресей халқы алдында күнә болып саналады" деді ол.
Қараганов бұған дейін де Ресей билігін ядролық соққы жасауға шақырып келген.
Зерттеумен айналысатын ақпарат құралдарының жазуынша, саясаттанушының Германия мен Италияда мүлкі бар, санкцияға қарамастан оған сол мүліктерден кіріс келіп тұрады.
Сергей Караганов – Ресейдің сыртқы және қорғаныс саясаты жөніндегі кеңес презедиумының құрметті төрағасы. Бұл кеңес – мінберінен Владимир Путин талай сөйлеген Валдай клубы құрылтайшыларының бірі. Ақпарат құралдары Карагановты "Ресей президентіне жақын жүретін саясаттанушы" деп атайды.