Тоқаев Қарағанды облысының әкіміне сөгіс берді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкіміне сөгіс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жылыту маусымына дайындық жұмыстарына тиісінше бақылау жасамағаны үшін Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаевқа сөгіс берді", - деп жазды Берік Уәли.
Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысындағы Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов қызметінен босатылған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!