Көкшетауда 22 жастағы жігітті некесін қиған күні өлтіріп кеткен
Көкшетауда өткен түні көңіл көтеру орындарының бірінде 22 жастағы жігіт өлі табылды. Қайғылы оқиға туралы sinegor.kz басылымына марқұмның туыстары айтып берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Туыстарының сөзінше, қайғылы оқиға 22 жастағы жігіттің неке қию рәсімі өткен күні болған. Бұл жайтқа қатысты Ақмола облысының полиция департаменті пікір білдірді.
"12 қарашада Көкшетаудағы көңіл көтеру орындарының бірінде Красный Яр ауылының 22 жастағы тұрғынын өлтіріп кеткен. Бұл дерек бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті бірден ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Сонымен қатар бұл оқиғаға қатысы бар барлық адам ұсталды. Алты адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - дейді полиция департаментінің өкілдері.
Ведомство бұл дерек ПД басшысының тікелей бақылауында екенін атап өтті.
Марқұм жігіттің туыстары журналистерге оның соңғы видеоларының бірін көрсеткен.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!