Жамбыл облысында шыңдалған шыны шығаратын зауыт іске қосылды
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың инвестициялық жобаларды қолдау және жаңа өндіріс орындарын ашу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында өңірде жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгін іске қосылған кәсіпорын – осы бастамалардың нақты жемісі. Бұл зауыт ел экономикасының дамуына және жергілікті халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған маңызды жобалардың бірі.«Туған жерге туыңды тік» деген халық даналығын ұстана отырып, туған өлкесіне инвестиция салып, іскерлік танытқан азаматтарға алғысымды білдіремін! Өндіріс ошағының жұмысы жемісті болсын! – деді облыс әкімі құттықтау сөзінде.
– Соңғы үлгідегі қондырғылармен жұмыс істеуді қытайлық мамандардың көмегімен бір ай ішінде меңгердік. Ауылымызда зауыттың ашылғанына өте қуаныштымын. Жұмысым өзіме ұнайды, – дейді Үлгілі ауылының тұрғыны, зауыт қызметкері Дастан Абделиев.
Сообщение Жамбыл облысында шыңдалған шыны шығаратын зауыт іске қосылды появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.