Добавить новость
World News in Kazakh



Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Думан Мұхаммедкәрім адвокатына камерасына жарылғыш зат лақтырылғанын айтты

Қызылорда түрмесінде отырған журналист, белсенді Думан Мұхаммедкәрім 29 тамыздан бері аштық ұстап отыр. Өзінің қауіпсіздігіне алаңдаған белсенді өзін Алматыдағы мекемеге ауыстыруды талап етеді. Бұл жөнінде адвокаты Ғалым Нұрпейісов Азаттыққа хабарлады. Адвокат бүгін, 18 қыркүйекте Қызылордадағы түрмеге кіріп, белсендімен кездесіп шыққан.

Адвокаттың сөзінше, Думан Мұхаммедкәрім аштық ұстауына 6 тамызда болған жайт себеп болғанын айтқан.

Белсенді адвокатына 6 тамызда оның камерасына есіктің кішкентай терезесінен шағын зат лақтырылып, тарс еткен дыбыс шыққанын айтқан. Думан Мұхаммедкәрім заттың қалдықтарына зер салып қарағанда шегенің ұсақ бөлшектері мен өзге де темір заттарды көрген.

"Ол оқиғаны тіркету үшін дереу жедел қызметкерлерін шақырған. Бірақ олар "ешқандай елейтіндей оқиға болған жоқ, бәлкім төбенің топырағы түскен болар немесе лампа күйіп кеткен шығар" деп фактіні растамаған, бірақ ол кезде лампа істеп тұрған. Думан маған осыны айтып, мұны өзін қорқыту талпынысы немесе өзінің өміріне қастандық жасау элементтерінің бірі ретінде бағалайтынын жеткізді. Сол себепті ол өзінің қауіпсіздігіне байланысты Алматыға ауыстыруды талап етіп отыр. Оқиғаға байланысты ішкі тексеріс болған, бірақ оның нәтижесін Думанға бермеген" деді адвокат Ғалым Нұрпейісов.

Адвокаттың сөзінше, Думан Мұхаммедкәрім осы оқиғаға байланысты адвокатына жазбаша мәлімдеме жасаған, алайда түрмеден шыққан кезде қызметкерлер ол құжатты тартып алған.

Адвокат оқиғаға байланысты ресми органдарға сұрау салатынын айтты.

"Бүгін мекеменің тәрбие жөніндегі орынбасарымен сөйлестім. Оған осы оқиға туралы толық мәлімет беруін сұрадым. Оқиғаның жай-жапсарын анықтау үшін" деді адвокат.

Ғалым Нұрпейісовтің сөзінше, аштық ұстағанына шамамен 20 күн болған Думан Мұхаммедкәрім осы уақыт аралығында шамамен 12 келідей жоғалтқан: аштықтың басында медицина журналында 69,8 келі деп жазылса, 17 қыркүйекте 57,4 келі деп жазылған. Думан Мұхаммедкәрім арқасы қатты ауыратынын, бауыры да нашарлағанын айтқан.

Адвокатпен қатар Қызылорда облысына қоғам белсендісі Рысбек Сәрсенбайұлы және заңгер Маржан Аспандиярова да барған. Азаттық Маржан Аспандияроваға хабарласқан кезде бүгін кешке қарай түрме бастығымен сөйлесетінін айтты.

Белсенділер Думан Мұхаммедкәрімнен денсаулығына зиян келмес үшін аштықты тоқтатуды сұраған, ал Мұхаммедкәрім бірнеше күннен кейін шешім қабылдайтынын жеткізген.

18 қыркүйекте Азаттық Қызылордадағы N60 мекемеге хабарласты, алайда телефон тұтқасын ешкім көтерген жоқ. Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі де әзірге телефондарына жауап бермей тұр.

47 жастағы журналист Думан Мұхаммедкәрім "экстремизмді қаржыландырды" және "тыйым салынған ұйым жұмысына араласты" деген айыппен былтыр тамызда жеті жылға сотталған. Бұған қоса, сот оған үш жыл қоғамдық-саяси жұмыспен айналысуға тыйым салған.Мұхаммедкәрімге қарсы қылмыстық іс қозғауға журналистің ұзақ уақыттан бері шетелде тұратын оппозициялық саясаткер, "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДТ) қозғалысының негізін қалаушы әрі жетекшісі Мұхтар Әблязовтан алған сұхбаты себеп болған. 2018 жылы Қазақстан соты "ҚДТ" қозғалысын "экстремистік ұйым" деп танып, ел аумағында қызметіне тыйым салған. Ал Еуропарламент ұйымды "бейбіт оппозициялық қозғалыс" деп атаған.Мұхаммедкәрім өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ. Жақтастары билікті қатты сынап жүрген тәуелсіз журналист саяси ұстанымына бола қудалауға түсті деп санайды.20 жылдай мемлекеттік арналарда жұмыс істеген, Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысы болып қызмет атқарған Думан Мұхаммедкәрім 2021 жылдан бастап You Tube желісінде "Ne Deidi?" арнасын ашып, елдегі қоғамдық-саяси оқиғалар туралы түрлі материалдар жариялай бастады. Ол саяси ортада 2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін кеңінен танылды. Думан Мұхаммедкәрім – кемі 238 адам қаза тапқан қырғын кезінде Алматыдағы дүрбелең ошағынан ақпарат таратқан санаулы журналистің бірі. Журналист YouTube-арнасында Қаңтар құрбандарының туыстарынан сұхбат алып, дүрбелеңнен кейін ұсталып, полицияда азапталған адамдардың көрген зәбірі жайлы көп материал жариялады.Журналистің ісін саралаған құқық қорғаушылар Думан Мұхаммедкәрімді "саяси тұтқын" деп таныған. Ресми Астана елде "саяси тұтқын" да жоқ, саяси көзқарасына бола қудалауға түскен де ешкім жоқ дейді.Бұған дейін халықаралық ұйымдар Думан Мұхаммедкәрімге араша түскен. Қараша айының басында апелляция соты Мұхаммедкәрімнің үкімін күшінде қалдырды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media









103news.com — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 103news.com.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.

Другие популярные новости дня сегодня


Новости 24/7 Все города России



Топ 10 новостей последнего часа



Rss.plus


Новости России







Rss.plus
Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России