Астанада екі жаңа перзентхана бой көтереді
Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек қаладағы медициналық нысандар тапшылығы қалай шешілетінін, қай аудандарда жаңа емханалар ашылатынын айтып берді.
Әкімнің айтуынша, медициналық инфрақұрылым тапшылығы әлі де сақталып отыр.
— Бұл мәселені шешу мақсатында Есіл мен Нұра аудандарында екі емхана, Алматы ауданында перинаталдық орталық, жаңа көпсалалы қалалық аурухана және Есіл ауданында балаларға арналған травматологиялық пункттің құрылысы басталады. Қалалық № 2 аурухананың қабылдау-диагностикалық кешенінің құрылысы аяқталуға жақын. Сондай-ақ Сарыарқа ауданында перинаталдық орталық салу жобасы қолға алынды, — деді Ж. Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.
Сонымен бірге, спорттық объектілер желісі қарқынды түрде дамып келеді. Орталық саябақта Инклюзивті спорт орталығы мен Шаңғы базасы ашылып жатыр.
— «Қазақстан» спорт сарайы мен Қ. Мұңайтпасов атындағы стадионды қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда, олардың аяқталуы келесі жылға жоспарланған, — деді елорда әкімі.
Бұған дейін Ж. Қасымбек 2026 жылы Астанада тағы 12 мектеп салынатынын айтқан еді.
Сонымен бірге, Астанадағы жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесі алдағы 1-2 айда іске қосылады.
Сообщение Астанада екі жаңа перзентхана бой көтереді появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.