2025 жылы клубымен қош айтысқан аңыздар
2024/25 маусымының аяқталуымен әлем футболында бір дәуір жабылды.
Бірқатар аңыз ойыншылар көп жыл өнер көрсеткен клубтарымен қоштасты.
Трент Александер-Арнольд «Ливерпульде» 20 жыл болып, клубпен бірге 2 АПЛ, 1 Чемпиондар лигасын жеңді. Еркін агент ретінде «Реалға» кетті.
Аарон Кресвелл «Вест Хэмде» 11 маусым, 365 матч өткізді. Клубтағы соңғы ойынын бұрынғы командасына қарсы жеңіспен аяқтады.
Кевин де Брюйне «Манчестер Ситиде» 422 матч, 108 гол, 19 трофей иеленді. 2023 жылы тарихи требл жасады. 2025 жылы «Наполиге» ауысты.
Анхель Ди Мария «Бенфикаға» қайта оралып, 2 маусым ойнады. Еуропадағы мансабын бастаған клубымен қоштасып, «Росарио Сентральға» өтті.
Джонни Эванс «Манчестер Юнайтедте» жалпы 200-ге жуық матч, 12 трофей жеңіп, 2025 жылы мансабын аяқтады.
Александр Ляказетт «Лион» сапында 391 матчта 201 гол соқты. Соңғы ойынында дубль жасап қоштасты.
Джейми Варди «Лестерде» 496 матч, 198 гол тіркеп, клуб...