Қоғам және тұлға: Димаш Құдайберген
Әлемге танымал қазақстандық әнші Дінмұхаммед Қанатұлы Құдайберген, өнер сахнасында Димаш есімімен белгілі, 1994 жылғы 24 мамырда Ақтөбе қаласында шығармашыл, музыкалық отбасында дүниеге келген. Ол бес жасынан бастап фортепианода ойнап, балалар хорында ән айтқан.
Димаш 2014 жылы Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық колледжді академиялық ән орындау мамандығы бойынша тәмамдап, кейін Қазақ ұлттық өнер университетін «Эстрада вокалы» мамандығы бойынша бітірді. Ол серб, итальян, француз, ағылшын, орыс және басқа да бірнеше тілде ән орындайды. Димаштың халықаралық деңгейде танылуына 2015 жылы Витебск қаласында өткен XXIV «Славян базары» халықаралық байқауында Гран-при жеңіп алуы үлкен серпін берді. Сондай-ақ ол «Халық сүйіктісі» ұлттық сыйлығының лауреаты, Қазақстан...