Қазақстанда доллар бағамы төмендеп жатыр
Доллардың 26 желтоқсандағы бағамы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 504,60 теңге болып, 7,44 теңгеге төмендеді. Айта кетейік, Ұлттық банктің 26 желтоқсанға белгіленген ресми бағамы - 1 доллар үшін 512,81 теңге.
Kurs.kz дерегіне сәйкес, қазіргі уақытта Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың орташа бағамы төмендегідей:Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде:
сатып алу - 501,45 теңге;сату - 506,37 теңге.
Астанадағы ақша айырбастау пункттерінде:
сатып алу - орта есеппен 499,69 теңге;сату - 506,69 теңге.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!