Добавить новость
World News in Kazakh

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Алматыдағы Республика алаңында бір топ адам Қаңтар құрбандарын еске алды

5 қаңтар күні Алматының орталығындағы Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументінің алдына жиналған отызға жуық адам 2022 жылғы Қаңтар көтерілісі кезінде қаза тапқан азаматтарды еске алып, марқұмдарға құран бағыштады.

Оларды алаңның айналасында жүрген, қарапайым киім киген адамдар сырттай бақылап тұрды. Қаңтар құрбандарын еске алу және құран бағыштау кезінде алаңда мобильді интернет байланысы істемей қалды. Азаттық тілшісі алаңның бір шетінде әлдебір байланыс құрылғылары бар арнаулы көліктер тұрғанын көрді.

Қаңтар құрбандарына құран бағыштап, еске алғаннан кейін жиналған адамдар ың-шыңсыз тарап кетті.

2022 жылдың басында Қазақстанның батыс аймағында сұйылтылған газ бағасының өсуіне қарсылық халықтың әл-ауқатының төмендеуіне жаппай бейбіт наразылыққа ұласып, Қазақстанның өзге өңірлеріне де тарады. Алматы, Ақтөбе, Шымкент, Тараз, Талдықорған, Семей, Өскемен және басқа қалаларда көшеге мыңдаған адам шығып, әлеуметтік-экономикалық мәселелерге қоса саяси талаптар көтеріп, барлық деңгейдегі билікті ауыстыруды талап ете бастады.

Кей қалада митингілер аяғы полициямен қақтығысқа, әкімшілік ғимараттарды басып алып, дүние-мүлікті қиратып, өртеуге, азаматтарды жаппай ұстауға ұласты.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "елге мыңдаған террорист шабуыл жасады" деп мәлімдеп, күш құрылымдарына ескертусіз оқ атуға бұйрық берді. Қаңтар оқиғасы кезінде Қазақстанда, ресми мәлімет бойынша, 238 адам (көбі Алматы қаласында) қаза тапқан, арасында кішкентай балалар да бар.

Тоқаев көмек сұрап Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына жүгінді. Штаб-пәтері Мәскеуде орналасқан бұл ұйым Қазақстанға әскер кіргізді, ол әскер елде екі аптаға жуық уақыт болғаннан кейін шығарылды. Бақылаушылар ҰҚШҰ күштерінің енгізілуі жоғары билік элитасы арасында өрбіген тартыстың түйінін алдын ала айқындап берді деп есептейді.

Қазақстан билігі елге сырттан әлдебір террор тобы шабуылдағанына әлі күнге дейін ешқандай айғақ-дәлел келтірген жоқ.

Қаңтарда адамдарға оқ атқандардың дені анықталмады, кісі өлімі фактісі бойынша қозғалған істердің көбі жабылып қалды. Кейін бірнеше әскери қызметші "қызметін асыра пайдалану" бабы бойынша жауапқа тартылды.

Қазақстанның жаңа тарихындағы ең ірі қантөгіс болған Қаңтар көтерілісінің жай-жапсарын зерттеп, 600 істі құжатқа түсіріп, хронологиясын түзген, биліктің іс-әрекетінің адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкестігін зерделеген құқық қорғаушылар "баршаның өмір сүру құқығы бұзылды" деген баға берген. Халықаралық Human Rights Watch адам құқығын қорғау ұйымы Қазақстан билігі Қаңтар оқиғасын біржақты тергеді, қаза болғандар мен азаптауға ұшырағандар ісі әділ қаралған жоқ деп мәлімдеген. Ресми Астанада бұл тұжырымға келіспейді.

Бүгін Turkistan газетінде жарияланған сұхбатында президент Тоқаев Қаңтар оқиғасы жөніндегі тергеу амалдары әлі жүріп жатыр ма деген сұраққа "бұл тақырыпқа қатысты негізгі мән-жайдың бәрі әлдеқашан белгілі болды" деп жауап берген. Қаңтар кезінде "тәртіпсіздік қолдан ұйымдастырылғанын" айтқан Тоқаев: "Төңкеріс" жасауға әбден машықтанған мамандардың жетекшілігімен тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар үкіметтің жанар-жағармай бағасын өсіру туралы шешімін желеу етіп, адамдарды жап­пай шеруге шығуға итермеледі. Сосын азаматтардың, мемлекеттік қыз­мет­шілердің, бір таңғаларлығы, күштік құры­лым қызметкерлерінің едәуір бөлігінің арасында дүрбелең туғызды" деді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media









103news.com — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 103news.com.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.

Другие популярные новости дня сегодня


Новости 24/7 Все города России



Топ 10 новостей последнего часа



Rss.plus


Новости России







Rss.plus
Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России