Добавить новость
World News in Kazakh

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

HRW Қазақстан билігін "Атажұрт" белсенділеріне тағылған айыпты алып тастауға үндеді

Халықаралық Human Rights Watch ұйымы Қазақстан билігін Қытай билігінің Шыңжаңдағы қиянаттарына бейбіт түрде қарсылық білдірген 18 қазақстандық белсендіге (айыптау актісіне қарағанда олардың саны 19 - ред.) тағылған айыпты алып тастауға үндеді. Құқық қорғау ұйымы 14 қаңтар күнгі үндеуінде "Нағыз Атажұрт" еріктілер тобы мүшелері пікір айту еркіндігі құқығын жүзеге асырғаны үшін 10 жыл түрмеге кесілуі мүмкін екенін жазды.

Сот 21 қаңтарда Талдықорғанда басталмақ.

"Қазақстан билігі "Атажұрт" белсенділеріне тағылған айыпты алып тастап, оларды дереу босатуы керек. Қытайға қудалауына көмектесудің орнына Қазақстан үкіметі Қытай билігін Шыңжаңдағы адамзатқа қарсы қылмысын тоқтатуы үшін қысым жасауы керек" деді Human Rights Watch ұйымының Азия бойынша директорының орынбасары Майя Ван.

13 қарашада Алматы облысы Ұйғыр ауданында Қалжат елді мекені маңында қолына Қытай туы мен Қытай коммунистік партиясының төрағасы Си Цзиньпиннің суретін ұстап шыққан бір топ адам Шыңжаңда түрлі желеумен ұсталып, "түзету лагеріне" қамалған ұлты қазақ азаматтарды босатуды және екі ел арасындағы визасыз режимді жоюды талап еткен еді.

Акция барысында олар Қытайға жұмыс істеуге кетіп, кейін сол жақта ұсталған Қазақстан азаматы Әлімнұр Тұрғанбайды елге қайтаруды Қытайдан талап еткен. Туыстары Қытай полициясы ұстаған Әлімнұр Тұрғанбайға араша сұрап, бірнеше мәрте Астанаға арыз-өтініш жолдаған.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Қытай берген ақпаратқа сүйеніп берген жауабында, 48 жастағы Әлімнұр Тұрғанбай Қытай азаматтығынан шықпағаны, ал қос азаматтық екі елде де "заңсыз" екені айтылған.

Алматы облысындағы оқиғадан кейін полиция "Атажұрттың" 20-ға жуық белсендісін ұстап, әуелі әкімшілік жауапқа тартып, кейін қылмыстық бап бойынша айып тақты.

Айыптау актісінде белсенділер "масс-медианы пайдалана отырып, ұлттық алауыздықты қоздыру, сонымен бірге Қытай ұлтының өкілдеріне қатысты ұлттық ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлау мақсатында ұйымдасқан түрде жиналған" деп жазылған. Мемлекет тағайындаған сараптама наразылық туралы видеоларда "ұлтаралық" немесе "ұлттық алауыздықты қоздыру" белгілері бар деген қорытынды жасаған.

Құқық қорғау ұйымы үндеуінде "Атажұрт" белсенділерінің қудалануының артында Қытай тұруы ықтимал деп болжайды.

Қазақстан полициясы белсенділерді әуелі "бұзақылық" бойынша айыптап, 15 күн әкімшілік қамауға алған. 14 қарашада Қытайдың Алматыдағы консулдығы Қазақстан сыртқы істер министрлігіне дипломатиялық нота жолдап, наразылықты "алдын ала жоспарланған... ашық азғыру" әрекеті деп атап, Қазақстан билігінен "тиісті шараларды" қабылдауды сұраған.

Осыдан кейін Қазақстан билігі белсенділерге қарсы қылмыстық іс ашты.

Құқық қорғау ұйымы үндеуінде "Атажұрт" белсенділерінің кейінгі айларда қудаланғанын да алға тартады.

"15 қарашада билік "Атажұрттың" Астанадағы тағы төрт белсендісін ұстап, әкімшілік айып бойынша 10 күн қамауда ұстады. 23 желтоқсанда Қазақстан астанасы Астана қаласында Facebook-та наразылық туралы ақпаратты таратқаны үшін айыппұл салынды. Ресми органдар "Атажұрт" белсенділерін "Атажұрттың" видеосын таратпау немесе қаржылай қолдау көрсетпеу жөнінде ескертті" деп жазылған ұйымның хабарламасында.

15 қаңтарда Азаттық Қазақстан сыртқы істер министрлігіне хабарласып көрді. "Қытай жағы Алматы облысындағы Атажұрт белсенділерінің наразылық акциясына байланысты Қазақстан сыртқы істер министрлігіне хат немесе нота жолдады ма?" деген сұраққа ведомствоның ресми өкілі Ерлан Жетібаев "әзірге, ол жөнінде ақпаратым жоқ, тексеріп көрейін" деп жауап берді.

Құқық қорғау ұйымы үндеуінде Қазақстан билігінің ұзақ уақыттан бері заңда тым бұлыңғыр жазылған "ұлттық алауыздық қоздыру" бабын (174-бап) жекелеген азаматтардың пікірін тұншықтыру үшін пайдаланып жүргені де жазылған. Халықаралық адам құқығын қорғау ұйымдары Қазақстан билігін заңды өзгертуге шақырып келеді. Ресми Астана соңғы рет әмбебап периодикалық шолуы кезінде "алауыздық қоздыру" бабын өзгерту бойынша алты рет рекомендация алып, қолдаған. Соған қарамастан үкімет аталған заңды билік сыншыларына қарсы пайдалануын доғарған жоқ дейді үндеу авторлары.

2017 жылдан бергі Шыңжаңдағы түркітілді мұсылмандарға қарсы қатаң қудалауларды еске салған құқық қорғау ұйымы кейінгі жылдары Қытай үкіметінің "трансұлттық қудалаумен" де айналысып отырғанын яғни, шетелдегі сыншыларын да қудалауды күшейткенін жазды. Қазақстанның халықаралық әріптестері ресми Астананы негізсіз айыпты алып тастап, "Атажұрт" белсенділерін босатып, пікір айту еркіндігін сақтаға көндіруге тиіс деп санайды ұйым.

"Қытай үкіметі Шыңжаңдағы адамзатқа қарсы қылмысын доғарып, шетелдегі бейбіт сыншыларын қорқытуды тоқтатуы керек. Қазақстан билігі өз азаматтарын Қытай үкіметінің қудалауынан қорғауы керек, оларға қарсы сөз айтқан бейбіт белсенділерін қудаламауы керек" деді Ванг.

Қазақстан билігі әзірге құқық қорғау ұйымының үндеуіне реакция білдірмеді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media









103news.com — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 103news.com.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.

Другие популярные новости дня сегодня


Новости 24/7 Все города России



Топ 10 новостей последнего часа



Rss.plus


Новости России







Rss.plus
Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России