Тоқаев банктер туралы заңға қол қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев банктер туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, байланыс және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!