Дінмұхамед Қонаевтың қарындасы өмірден өтті
Дінмұхамед Қонаевтың қарындасы, ғалым-микробиолог Рауза Қонаева 91 жасында өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Қаралы хабарды Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек жеткізді.
"Жатқан жеріңіз жайлы, топырағыңыз торқа болсын, Рауза апа! Айтқан сөзіңіз, тілегіңіз жүрегімде, Мұрат Тәжімұратұлы ағамыз екеуіңіз әрдайым жүрегімде боласыздар!" - деді ол.
Айта кетейік, Рауза Ахметқызы 1956 жылы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдаған. Қазақ КСР Молекулалық биология және биохимия институтының директоры қызметін атқарған.1956-2016 жылдары Қазақстан Ғылым академиясында еңбек етті. Ол - ғылым докторы, профессор.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!