Tinder-дегі “Нұрай“ Астана тұрғынын 4 млн теңгеге сан соқтырған
Астанада интернет арқылы алаяқтық жасаған 20 жастағы тұрғынға сот үкімі шықты.
Ол танысуға арналған Tinder қосымшасына әйел адамның атымен, яғни «Нұрай» деп тіркеліп, Telegram парақшасына сілтеме қалдырған. Telegram-да бейтаныс қыздың суретін қойып, жалған парақша ашқан.
«Кейін жәбірленушімен тілдесіп, кездесуге уәде беріп, әртүрлі сылтаумен одан ақша сұрай бастаған. Қаскөйдің арам пиғылынан бейхабар жәбірленуші үш айға жетпейтін уақыт ішінде 4 млн теңгеден аса ақша аударған», — деп жазылған Астана прокуратурасы хабарламасында.
Сот үкімі
Сот қала тұрғынын ірі көлемде жасалған алаяқтық үшін кінәлі деп таныды. Сот үкімімен оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді.
Сообщение Tinder-дегі “Нұрай“ Астана тұрғынын 4 млн теңгеге сан соқтырған появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.