Талғар ауданында әйел із-түссіз жоғалып кеткен
Алматы облысында бір айдан аса уақыттан бері хабар-ошарсыз кеткен әйел табылмай жатыр. Із-түзсіз жоғалған әйелге қатысты ақпаратты Instagram парақшасында LIDER.KZ еріктілері жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Тахирова Әсел Бахытғалиқызы, 1993 жылы туған, 2025 жылғы 2 желтоқсанда жоғалып кеткен. Сол күні шамамен сағат 15:00-де ол Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылы, Исатай батыр көшесі, 3-үй мекенжайында орналасқан "Үлкен отбасы" мейірбикелік күтім үйінен шығып кеткен.
Белгілері: бойы 160–165 сантиметр, орта денелі, шашы қою түсті, ұзын, айқын қылилығы бар, қолдарында кесілген тыртықтары бар, бел тұсында иероглиф түріндегі татуировкасы бар.
Киген киімі: қызыл бас киім, қара ұзын күртеше, көк джинсы, жасыл етік.
Еріктілердің мәліметінше, жас әйел бағдарынан адасқан және психикалық ауытқуы бар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!