Добавить новость
World News in Kazakh

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Тоқаев "деструктивті ақпарат таратушыларға" құқықтық баға беруді заң орындарына тапсырды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамда деструктивті контент тарататындардың әрекетіне құқықтық баға беру қажет деп мәлімдеді дүйсенбі күні Астанада Бас прокуратурада өткен кеңесте.

"Технологияның қарқынды дамуы ақпараттық кеңістіктің түбегейлі трансформациясына жол ашады. Қоғамды жікке бөліп, азаматтарды бір-біріне қарсы қоятын деструктивті ақпарат таратуға бейіл адамдар да бар. Мұның бәрі өшпенділікке бастайтын ешкімге қажетсіз, тіпті қауіпті пікірталасқа жалғасады", – деді Тоқаев.

Ол технологиялардың қарқынды дамуын бәзбіреулер теріс мақсатта пайдаланып, азаматтарды бір-біріне қарсы қоятын, өшпенділік тілін қоздыратынын айтты.

"Жасанды интеллектіні осындай адамдар ақпараттық қаруға айналдырып, заңға қайшы келетін контенттерді көптеп тарата бастайды. Бұған жол беруге болмайды. Ондай әрекеттерге құқықтық баға беріп, жауапкершілікке тарту қажет", – деген президент азаматтарға мұндай контентті таратудың құқықтық салдарын тұрақты түрде түсіндіру қажеттігін айтты.

Тоқаев жыл сайын мыңдаған қазақстандық киберқылмыскерлердің тұзағына түсетінін, елде интернеттегі алаяқтық қылмыстарының тек әр бесіншісі ғана ашылатынын айтып, бұл көрсеткішті "өте төмен" деп бағалады.

"Киберқылмыспен күрес тәсілдерін түбегейлі қайта қарау қажет. Цифрлық қатерге төтеп беру үшін құқық қорғау органдары бір қадам алда жүруге тиіс. Озық ойлап, артта қалмаудың амалын табу қажет", – деді Тоқаев.

Бұған қоса президент азаматтардың дербес деректері интернетте тарап кетуі жиілегенін айтып, "дербес деректерді барынша қорғау үшін бұл жұмыспен жүйелі түрде айналысу керек" деп мәлімдеді.

Тоқаев құқық қорғау органдарындағы цифрландыру процесі біркелкі емес, әрқалай жүріп жатқанын сынға алды.

"Бұл шаруа жүйесіз жүргізіліп жатыр. Біртұтас жүйе жоқ. Мысалы, кейбір органдар цифрлық тәсілдерді ұтымды қолданып жұмыс істесе, кейбірі дұрыс амал-тәсіл таба алмай, қыруар қаржы жұмсап жүр. Бұл, басқа сөзбен айтқанда, нағыз жымқыру", – деген Тоқаев үкіметке барлық енгізілген цифрлық жүйелердің тиімділігіне талдау жүргізіп, күштік құрылымдар үшін бірыңғай цифрлық экожүйе қалыптастыруды тапсырды.

Қазақстан басшысы көші-қонды реттеу саласын жаппай цифрландыруды да көкейкесті мәселе ретінде атады. Оның сөзінше, әлемде миграция ағыны күшейіп келеді, ал Қазақстан шетелдіктер үшін тартымды елге айналып отыр.

"Қоныс аударғысы келетін шетелдіктер үшін Қазақстан – басқа елдерге өтуге де, тұрақтап қалуға да қолайлы мемлекет. Елге келген шетел азаматтарын уақтылы есепке алып, олардың жүріс-тұрысын бақылайтын техникалық құралдарды жетілдіру – аса маңызды міндет", – деді Тоқаев. Ол үкімет пен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне бұл бағыттағы жұмысты тездетуді тапсырды.

Бас прокуратурадағы кеңес барысында Тоқаев елде заң үстемдігі мен тәртіп мықтылығын қамтамасыз ету үшін Конституцияға "Заң және тәртіп" қағидатын енгізу қажет деп мәлімдеді.

"Кейбір шет елдерде болып жатқан қазіргі өте күрделі ахуалды көріп, бұл саясатымыздың дұрыстығына бәріміздің көзіміз жетіп отыр, оған ешқандай күмән жоқ. Заң мен тәртіп мемлекеттік саясатымыздың негізгі қағидаты ретінде қабылдануы керек, бұл қағидатты жаңа Конституциямызға міндетті түрде енгізу қажет деп санаймын. Себебі бұл ешқашан өзектілігін жоғалтпайтын, өміршең қағидат екені даусыз", – деді Тоқаев.

Ол бұл қағидатты іске асыруда Бас прокуратураның рөлі ерекше болатынын, "прокуратура қызметкерілері заң бұзылуына селқос қарамауға тиіс екенін" қадап айтты.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media









103news.com — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 103news.com.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.

Другие популярные новости дня сегодня


Новости 24/7 Все города России



Топ 10 новостей последнего часа



Rss.plus


Новости России







Rss.plus
Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России