Добавить новость
World News in Kazakh



Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

ЕҰУ-да Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдары талқыланды

Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдары сараптамалық талқылаудан өтті.

Іс-шара аясында сарапшылар конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттарын, олардың институционалдық мазмұнын және елдің саяси-қоғамдық жүйесіне ықтимал әсерін қарастырды. Ерекше назар қазіргі заманғы сын-қатерлер жағдайында конституциялық нормаларды жаңарту мәселелеріне аударылды.

Талқылауға жетекші ғалымдар, академиялық қауымдастық өкілдері, мемлекеттік басқару саласының сарапшылары, сондай-ақ ЕҰУ-дың оқытушылары мен докторанттар қатысты.

Іс-шара барысында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әлішер Сатвалдиев, «Қазақ газеттері» ЖШС-нің бас директоры Дихан Камзабекұлы, ЕҰУ-дың конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының профессоры Ермек Абдрасилов, Қоғамдық саясат институтының директоры, конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі Мәдина Нұрғалиева, сондай-ақ «Қазақстан қоғамдық даму институты» АҚ басқарма төрайымы, конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі Жұлдызай Ысқақова баяндамамен шықты. Кездесуге ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов модераторлық жасады.

Талқылау барысында сарапшылар ұсынылып отырған өзгерістер конституционализм қағидаларын нығайтуға, билік тармақтары арасындағы байланысты арттыруға және азаматтардың мемлекеттік басқарудағы рөлін күшейтуге бағытталғанын атап өтті.

Жаңартылған Конституция жобасында адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың құқықтық механизмдерінің маңызы ерекше сөз болды.

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әлішер Сатвалдиев бұл құжат елімізде кең көлемде талқыланып жатқан маңызды бастама ретінде көрініп отырғанын, ол мемлекеттік институттық құрылымға да, қоғамдық қатынастардың құқықтық негіздеріне де әсер етіп, Қазақстанның конституциялық дамуының жаңа кезеңін анықтайтынын жеткізді.

«Ел көлемінде қызу талқыланып жатқан бұл құжатты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан саяси реформалардың логикалық жалғасы әрі заңды қорытындысы ретінде қарастырған жөн. 2022 жылғы референдумнан кейін басталған конституциялық жаңғырту үдерісі 2026 жылы жаңа Конституция қабылдауға бағытталған ауқымды ұсыныстармен жалғасып отыр», — деді спикер.

«Қазақ газеттері» ЖШС-нің бас директоры Дихан Камзабекұлы егер негізгі Заңға 84% өзгерістер енгізіліп жатса, бұл елдің дамуының қажеттілігі ретінде қабылдануы тиіс екенін және жаңарту өзгерістер саны бойынша емес, олардың концептуалдық мазмұны бойынша бағаланатынын атап өтті.

«Конституция жобасында мемлекеттілікті нығайту, мыңжылдық тарихи сабақтастықты сақтау, шекара мен ел аумағының тұтастығы, әділетті қоғам құру мәселелері нақты көрініс тапты. Әділеттілік бағыттары анықталды, мәдениет, білім және ғылымның құндылығы нақты көрсетілді. Сонымен қатар табиғатқа қамқорлықпен қарау мәселелері және еліміздің дамуы үшін қажетті көптеген басқа маңызды идеялар қамтылды», — деді ғалым.

ЕҰУ-дың Конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының профессоры Ермек Абдрасилов Конституция жобасының преамбуласының маңызды рөліне тоқталды:

«Преамбула көлемді болмаса да, оны Конституцияның философиясы деп атауға болады. Ол Конституцияның негізгі түйінін айқындайды. Преамбулада ел алдында тұрған көптеген мәселелер көрсетілген. Ең алдымен онда адам құқықтарын қорғау мақсаты белгіленген. Екіншіден, қазақ халқының қазақ жеріндегі байырғы мемлекеттердің дәстүрін сақтауы қажеттігі атап өтілген. Мен бұл үлкен жетістік деп санаймын», — деді сарапшы.

Конституциялық реформа комиссиясының мүшелері – Қоғамдық саясат институтының директоры Мәдина Нұрғалиева мен «Қазақстандық қоғамдық даму институты» ЖШС басқарма төрайымы Жұлдызай Ысқақова комиссияның жұмыс үдерісі қалай ұйымдастырылғанын айтып берді.

Талқылау барысында отбасылық және некелік мәселелерге ерекше назар аударылды, бұл қатысушылар арасында жандана түскен пікірталас тудырды.

Кездесудің қорытындысы бойынша қоғамдық-саяси реформалардың негізгі бағыттарын талқылауға сарапшылық қоғамдастықты тартудың өзектілігі мен маңыздылығы дәлелденді. Сонымен қатар, пікірталас қорытындысы бойынша Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшелеріне ұсынымдар берілді.

Іс-шара барысында сұрақ-жауап сессиясы да өткізілді.

Сообщение ЕҰУ-да Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдары талқыланды появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media









103news.com — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 103news.com.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.

Другие популярные новости дня сегодня


Новости 24/7 Все города России



Топ 10 новостей последнего часа



Rss.plus


Новости России







Rss.plus
Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России