Добавить новость
World News in Kazakh



Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Саяси кеңестің кеңейтілген пленарлық отырысы өтті

2026 жылғы 4 ақпанда Астана қаласында офлайн және онлайн форматта Қазақстанның «БАЙТАҚ» жасылдар партиясының Төрағасы А. Әміртаевтың төрағалығымен партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген пленарлық отырысы өтті.

Іс-шараға партия филиалдарының жетекшілері, мәслихат депутаттары, сарапшылар және белгілі қоғам қайраткерлері қатысып, Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасы талқыланды. Талқылау барысында мемлекеттің институционалдық дамуы, адам құқықтарының басымдығы, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық қауіпсіздік және «жасыл» экономиканы стратегиялық дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Өз баяндамасында Азаматхан Әміртаев Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформаның саяси алғышарттарына тоқталып, оның заң шығару үдерісінің тиімділігін арттыруға, билік органдарының дербес әрі нақты жауапкершілігін күшейтуге және мемлекеттік басқару жүйесінің орнықтылығын нығайтуға бағытталғанын атап өтті. Сондай-ақ Конституциялық реформа жөніндегі комиссия жұмысының кең қоғамдық қатысумен өтіп жатқаны, e-Otinish платформасы арқылы мыңнан астам ұсыныс түскені айтылды. Партия Төрағасы жаңа Конституция жобасында экология мен адам денсаулығы арасындағы байланыстың тұңғыш рет негізгі заң деңгейінде айқын әрі күшейтілген түрде бекітіліп отырғанын ерекше атап өтті. Оның айтуынша, таза ауа, таза су және қауіпсіз қоршаған орта азаматтардың өмір сапасын айқындайтын басты факторлар болып табылады және мемлекеттің болашақ ұрпақ алдындағы тікелей жауапкершілігі болуы тиіс. Осыған байланысты «БАЙТАҚ» партиясы Конституцияның 8-бабында «Экология және адам денсаулығы» ұғымын мемлекеттің базалық құндылығы ретінде жеке тармақпен бекітуді ұсынды. Кеңейтілген отырыс барысында партияның Атқарушы хатшысы Бекберген Керей «Конституция: экология мен даму арасындағы тепе-теңдік» тақырыбында баяндама жасап, жаңа Конституция экологияны мемлекеттік саясаттың жекелеген бағыты ретінде емес, қоғамдық дамудың құндылықтық негізі ретінде айқындайтынын атап өтті. Алматы қалалық филиалының төрағасы Алма Қарашқызы «Адамға бағдарланған мемлекет моделі» тақырыбындағы сөзінде жаңа Конституция жобасында адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде бекітілгенін атап өтті. Ал партия Төрағасының кеңесшісі Мұрат Ташибаев «Қазақстандағы конституциялық реформаның халықаралық-құқықтық аспектілері» тақырыбында баяндама жасап, жаңа Конституцияны қабылдау Қазақстан халқының өзін-өзі анықтау құқығын жүзеге асырудың заңды нысаны екенін айтты. Сонымен қатар, конституциялық реформаның халықаралық міндеттемелерді орындауға, адам құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге, сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайтуға және азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуын кеңейтуге бағытталғаны атап өтілді. Саяси кеңес мүшесі, жас тарихшы Шыңғыс Үсенқұл жастар атынан сөз сөйлеп, Конституция жобасында Ұлы Даланың мыңжылдық мемлекеттілік дәстүріне сілтеме жасалуының маңызын атап өтті. Оның айтуынша, «Ұлы Дала» ұғымы Еуразия кеңістігінде қалыптасқан мемлекеттілік, құқықтық жүйе және саяси мәдениеттің тарихи сабақтастығын білдіреді. Бастауыш партия ұйымының басшысы Сергей Качанов Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасын толық қолдайтынын білдіріп, партия тарапынан өңірлік және бастауыш деңгейде түсіндіру және ақпараттық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуге дайын екенін, азаматтарды қоғамдық талқылауға белсенді тартудың маңызын атап өтті. Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстанның «БАЙТАҚ» жасылдар партиясы Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасын адамға бағдарланған, экологиялық жауапты және институционалдық тұрғыдан негізделген құжат ретінде толық қолдайтынын мәлімдеді. Партия алдағы уақытта да Конституция жобасын қоғамдық талқылауға белсенді қатысып, өңірлерде түсіндіру және ақпараттық жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырады.

Сообщение Саяси кеңестің кеңейтілген пленарлық отырысы өтті появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media









103news.com — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 103news.com.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.

Другие популярные новости дня сегодня


Новости 24/7 Все города России



Топ 10 новостей последнего часа



Rss.plus


Новости России







Rss.plus
Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России