Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді: ТЖМ не дейді?
Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелді. Десе де Алматы тұрғындары да әлеуметтік желіде жер сілкінісін сезгенін жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Сейсмологиялық зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 5 ақпанда Астана уақытымен 13:42-де жер сілкінісі тіркеген.
"Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 284 шақырым жерде орналасқан", - деп жазылған хабарламада.
Жер сілкінісі былай сезілген:
Жетісу облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласы - 3 балл, 63 шақырым;Жетісу облысы Текелі қаласы - 3 балл, 74 шақырым;Жетісу облысы Ақсу ауданы Жансүгіров ауылы - 3 балл, 79 шақырым;Жетісу облысы Сарқанд ауданы Сарқанд қаласы - 3 балл, 84 шақырым;Жетісу облысы Ескелді ауданы Қарабұлақ кенті - 2 балл, 95 шақырым;Жетісу облысы Талдықорған қаласы - 2 балл, 109 шақырым;Жетісу облысы Көксу ауданы Балпық-Би ауылы - 2 балл, 117 шақырым;Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылы - 2 балл, 129 шақырым;Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылы - 2 балл, 139 шақырым;Жетісу облысы Қаратал ауданы Үштөбе қаласы - 2 балл, 147 шақырым;Алматы облысы Ұйғыр ауданы Қырғызсай ауылы - 2 балл, 151 шақырым;Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Көкпек ауылы - 2 балл, 158 шақырым;Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылы - 2 балл, 165 шақырым.
ТЖМ мәліметінше, зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы мәлімет түспеген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!