Добавить новость
World News in Kazakh



Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Қазақстан неге Еуразияда үздік авиациялық хаб құра алмай отыр

Қызылордада өткен V Ұлттық құрылтайда логистика және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау мәселесі де талқыланған болатын. Қазақстан Еуразиядағы алдыңғы қатарлы авиациялық хабқа айналу мұратына қалай жете алады? Kazinform тілшіcі осы мәселеге қатысты сарапшылар пікірін сұрап білді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Қазақстанның әлі күнге Еуразиядағы авиациялық хаб бола алмай отырғанын өрескел олқылық деген еді.

Бұған дейін Үкіметке авиация, соның ішінде жүк тасымалдайтын авиация саласында нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін тапсырма берілді. Мемлекет басшысының айтуынша, өкінішке қарай, Үкімет мемлекеттік жүк тасымалдайтын әуе компаниясын құруда қателіктер жіберген. Енді бұл іспен «Қазақстан темір жолы» компаниясы айналысады.

Қандай істер қолға алынды?

Осы сауалды «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ-ға жолдадық. Компания мәліметінше, қазіргі таңда жүк тасымалдайтын әуе компаниясын құру жұмысы жүргізіліп жатыр: 2025 жылдың 28 қазанында «KTZ Air Cargo» АҚ тіркелген. Енді әуе флотын жасақтау және қызметке кірісуге дайындық қолға алынған.

«Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ жүк тасымалдайтын жаңа әуе компаниясын құру үшін тәжірибелі стратегиялық серіктестер тартуды жоспарлап отыр. Жоба іске қосылған соң, әуе арқылы жүк тасымалы жанданады, транспорттық-логистикалық инфрақұрылым дамиды, ірі халықаралық компаниялармен стратегиялық серіктестік орнайды және әлемдік жүк айналымы Қазақстан арқылы өтеді.

Фото: Александр Павский/ Kazinform
– Бекітілген жол картасына сәйкес, жүк тасымалдайтын әуе компаниясын құру бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу сатылап жүргізіледі. Ең алғашқы жүк тасымалынан бастап, қызмет көрсету үлгісін дамыту, әуе флотын кеңейту, тұрақты қызмет көрсететін сенімді компанияға айналу, әуедегі жүк тасымалы нарығында берік орнығу – әр кезең жоспарда нақты белгіленген, – деп жазылған компанияның жауабында.

Мемлекеттің және жеке сектордың рөлі туралы

Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы тапсырманы Үкімет орындай алмаса, жеке секторға беру керек деген болатын. Ұлттық компанияның мәлімдеуінше, мемлекеттік жүк тасымалдайтын әуе компаниясын құру жобасын «Қазақстан темір жолынан» алып, өзге ұйымға беру тек тиісті ресми шешім шыққан жағдайда ғана жүзеге асуы мүмкін.

Ал халықаралық логистика саласындағы сарапшылар бұл жобаны мемлекеттің қолдауынсыз жүзеге асыру қиын екенін айтады. Мәселен, «Merex Eurasia Kazakhstan» экспедиторлық компаниясының басшысы Еділ Көнеев нақты ұсыныстарымен бөлісті:

– Мемлекет жанармайға дотация, салыққа жеңілдік, төмен пайызбен ұзақмерзімді несие беру, білікті мамандарды тартуға көмектесу тәрізді қолдау көрсету керек. Сондай-ақ, әсіресе, Алматы мен Астана секілді мегаполистерде халықаралық стандарттарға сай әуежай салу және жаңғыртуға айрықша мән беру қажет, – дейді Еділ Көнеев.

Фото: спикердің жеке мұрағатынан
Логистика саласындағы сарапшы, «Jańa Post» компаниясының директоры Болатбек Дәлелханұлының да бұл тақырыпта айтары бар. Оның сөзінше, жеке секторға беру арқылы саланы дамытуға болады. Бірақ мемлекет субсидия бөлу және логистикалық арналар ашу арқылы қолдау білдірсе, жоба тез арада жемісін береді. Оның айтуынша, мемлекет салған қаржысының өтеуін салық және жаңа жұмыс орындары түрінде қайтарады. Ал тікелей субсидиялау мүмкін болмаса, онда кем дегенде монополияны жойып, кедендік рәсімдеуді жеңілдету маңызды.

Әлеует бар, хаб жоқ

Қазақстанның транзиттік әлеуеті зор болғанымен, әуе арқылы жүк тасымалының еуразиялық орталығына айнала алмай отыр. Еліміз бәсекелестерге неге ілесе алмай отырғаны және қандай өзгеріс қажет екені жөнінде сала мамандары пікірін айтып берді.

Болатбек Дәлелханұлы негізгі төрт себепті атап өтті.

Біріншіден, мемлекеттік субсидияның жоқтығы. Тұрақты транспорттық арна құру үшін бастапқыда мемлекеттің қолдауы керек екені халықаралық тәжірибеде дәлелденген. Маманның сөзінше, тасымалдау бағасын субсидия есебінен төмендетіп, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға болады.

Сондай-ақ, ол авиация жүк тасымалдауда жүк көліктерімен бәсекелесе алуы үшін ескерілуі тиіс тағы бір жайтты атады: әуе рейстері барарда да, қайтарда да, яғни қос бағытта да жүкке толып келуі үшін экспортты да реттеу қажет.

– Әуе тасымалы негізінен жүктеменің тепе-теңдігіне байланысты. Мысалы, ұшақ Қытайдан толтырып жүк тиеп алып келіп, ал кері қайтарда бос қайтты делік. Мұндай жағдайда ұшақтың бос ұшқан рейсін өтеу үшін әуелгі жеткізу ақысы екі еселенеді, – деп түсіндірді сарапшы.

Фото: спикердің жеке мұрағатынан
Болатбек Дәлелханұлының пікірінше, үшінші себеп – электрондық сауда саласындағы кедергілер. Қазақстанда шетелдік платформаларға сұраныс жоғары. Онлайн тапсырыстар көлемінің ауқымдылығы сонша – күніне кемінде бір ұшақ жүк қабылдауға болады. Бірақ мұндай тауарлардың кедендік рәсімделуі тым күрделі. Қазір ұлттық оператор қызметін «Қазпошта» атқарып отыр. Спикердің сөзіне жүгінсек, бұл нарық жеке жеткізу компанияларына да ашылса, онда жедел жеткізу қызметі қарқынды дамитын еді.

Бұдан бөлек ол Қытайдан жүк әкелгенде кедендік рәсімдеу жеңіл, ал Қытайға жүк апарғанда кедендік рәсімдеу анағұрлым қиын болатынын атап өтті.

Болатбек Дәлелханұлы осы төрт мәселе шешілсе, Қазақстан Еуразиядағы авиациялық торапқа айналатынына сенім білдірді.

Ал Еділ Көнеев мәселенің түп-тамырын техникалық және кадрлық тұрғыда артта қалудан көреді.

– Бірқатар қаланың әуежайларында халықаралық деңгейдегі инфрақұрылым жоқ. Транзиттік жүктерді сұрыптау үшін соңғы үлгідегі технологиялар мен құрылғылар жоқ. Жоғары кластағы мамандардың жетіспеушілігі де байқалады. Жалпы, авиациялық логистика саласында халықаралық инвестиция тарту үшін жайлы, ыңғайлы жағдай жоқ, – дейді маман.

Сонымен бірге, ол күніне өте ауқымды көлемдегі жүкті қабылдап, жөнелтетін Дубай әуежайын мысалға келтірді. Олар өздері аяққа тұрып кеткенше, Еуропа мен АҚШ-тан білікті мамандарды шақырыпты.

Сондай-ақ Еділ Көнеев Гейдар Әлиев атындағы әуежайдың да тәжірибесіне тоқталды. Бүгінде ол – Каспий теңізі аймағындағы дамыған жүк тасымалы хабы.

Фото: Азаматтық авиация комитеті
Қазақстанда жүк тасымалдайтын әуе компаниясын құру енді ғана қолға алынып жатқанда, Әзербайжан бұл саланы әлдеқашан жолға қойған. Онда «SilkWayWest» компаниясы жұмыс істейді және жаһандық жүк тасымалдаушыларға жақсы жағдай, тиімді жүйе қалыптасқан. Алматы әуежайы Орталық Азиядағы өңделетін жүк қабылдауда ең үлкен хаб болса да, халықаралық деңгейді қамту жағынан Баку әуежайымен бәсекелесе алмайды.

Ал Болатбек Дәлелханұлы Қазақстан әуежайларының әлеуеті орасан дейді.

— Алайда Алматыдан бөлек, Қарағанды және т.б. өңірлерде әуе тұрақтары бос тұр. Әуе арқылы жүк тасымалын жандандыру үшін импорт және экспорт құжаттарын рәсімдеуді жеңілдетіп, ашық әрі қарапайым ережелер енгізу керек, – дейді ол.

Мұнайлы елде әуе билеттері неге қымбат?

Авиаотынның тым қымбат болуы әуе арқылы жүк тасымалына тұсау салып отыр. Ұлттық құрылтайда бұл мәселе де Президенттің назарынан тыс қалған жоқ. Мемлекет басшысы мұнай өндіретін ел бола тұра, Қазақстанда ұшақ жанармайының бағасы мұнай өндірмейтін елдердегі бағамен шамалас екенін сынаған болатын.

ҚР Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Президент сынынан кейін авиаотынның бағасын төмендетудің механизмдері іске қосылғанын мәлімдеді:

· «ҚазМұнайГаз-Аэро» компаниясы жанармайды ірі көлемде сатып алуға мүмкіндік алды, яғни сол арқылы өзіндік құнын түсіруге болады;

· Мемлекет импортты ҚҚС-тан босатты;

· Әуежайлар енді ұшаққа жанармай құйғаны үшін әуе компанияларынан лицензиялық төлемақы мен инфрақұрылымдық төлемдерді алмайды.

Фото: aviacenter
Қабылданған шаралардың нәтижесінде елімізде авиаотынның бағасы 2026 жылдың алғашқы тоқсанында тоннасына 980 доллардан 890 долларға дейін төмендемек.

Сарапшылар да Қазақстанда авиаотынның тым қымбаттығы – саланы кері тартып отырған басты себептердің бірі дейді. Еділ Көнеевтің көзқарасынша, елімізде ұшақ жанармайының құны Еуропадағыдан айтарлықтай жоғары. Соның салдарынан отандық әуе арқылы жүк тасымалдау саласы бәсекеге қабілетсіз болып отыр.

Ал Болатбек Дәлелханұлы мұнымен келіспейді. Оның сөзінше, керосиннің өзіндік құны авиация қарқынды дамып жатқан барлық жерде – Ыстанбұлда да, Әзербайжанда да шамалас.

— Бұл жерде мәселе мемлекеттің инфрақұрылымды қалай құрып, бағаны қалай белгілеп, саланы қаншалықты қолдап отырғанына байланысты, – дейді маман.

Алайда қорытынды тұжырым бойынша сарапшылардың пікірі ортақ: мәселе сұраныста емес, жүйеде. Қазақстанда саланы мемлекеттік қолдау, жедел әрі ашық кедендік рәсімдеу және заманауи инфрақұрылымның өзара үйлесімі жетіспейді. Бұлар болмаса, ҚТЖ жанынан әуе компаниясын құру да мемлекетті авиациялық логистиканың әлемдік көшбасшылары қатарына қоса алмайды.

Есіңізге салайық, бұған дейін авиаотынның бағасын негізсіз көтерген әуежайларға айыппұл салынғаны жөнінде хабарлаған едік.

 

Сообщение Қазақстан неге Еуразияда үздік авиациялық хаб құра алмай отыр появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media









103news.com — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 103news.com.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.

Другие популярные новости дня сегодня


Новости 24/7 Все города России



Топ 10 новостей последнего часа



Rss.plus


Новости России







Rss.plus
Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России