Добавить новость
World News in Kazakh

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Қызылорда облысында белсенді Ерғали Құлбаев 4 жыл түрмеге кесілді

12 ақпанда Қызылорда облысы Қазалы аудандық соты белсенді Ерғали Құлбаевты 4 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл жөнінде адвокат Темірлан Ахметов Азаттыққа хабарлады.

Оның сөзінше, белсендіге "Бопсалау" бабы (194-баптың 2-бөлігі 2-тармағы) бойынша айып тағылған. Сот Құлбаевпен бірге дәл осындай баппен айыпталған Ақлима Ертайқызын да 4 жылға бас бостандығынан айырған. Оның кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты сот жазасын өтеуді бес жылға шегерген.

Сот құжаттарына қарағанда, қылмыстық іске былтыр жазда Қазалы ауданының әкімін сайлау кезіндегі оқиға түрткі болған. Дауыс беру кезінде тәуелсіз бақылаушы ретінде сайлау учаскелерін аралаған Құлбаев пен Ертайқызы сайлаудағы кемшіліктер туралы ішкі істер бөліміне арыз береді.

Сот құжатына сүйенсек, айыпталушылар осы заңсыздықтарды "әлеуметтік желіге жариялап, масқаралайтындықтарын айтып, қорқытпақ болған". Сот құжатында ол жөнінде былай деп жазылған:

"[Сайлау комиссиясының төрағасы] осы жағдай үшін А.Ертайқызынан кешірім сұраған уақытта соңғы аталған тұлға "келіп кету жол пұлдарымыз бар дегендей" деп өзінің бес саусағын көрсетіп, ақша сұрап тұрғандығы жөнінде ымдап сөйлеп, ақша талап ете бастаған. "Бесеу дегеніңіз 50 мың теңге ме" деп сұраған кезде А.Ертайқызы "50 мың теңге дегеніңіз не болады, 500 мың теңге" деп одан әрі қорқыту арқылы талап еткен" деп жазылған. Сот құжатына қарағанда, осылайша 300 мың теңге есепшоттарына түскен.

Ал қорғау жағының айтуынша, сотта жәбірленуші жақтың айыпталушыларды "қылмысқа өздері арандатқаны" анықталған.

Адвокаттың сөзінше, Ақлима Ертайқызы "өзінің істегенін" мойындаған. Ол ақша бойынша келісім жасасқан кезде Ерғали Құлбаевпен уағдаластық жасамағанын, оның бұған мүлде қатысы жоғын айтқан.

Адвокаттың сөзінше, істе шикіліктер бар.

"Сотта араларында байланыс жоқтығын, жәбірленушіге Құлбаевтың мүліктік талап қоймағанын алға тарттық. Жәбірленушінің өзі де "Құлбаевты көрген жоқпын" дейді. Қылмыс болған кезде ол болмаған сол жерде. Араларында уағдаластық жоқ деп айтқан едік. Ең соңында үкімді түсіндірген судья "Ақлима "біз" деп көпше түрде сөйлеп отыр, сол себепті ол кінәлі" деді. Басқа басқа. Сарапшы деректерін жазбаған, ғылыми сұрақтар шешілмей қалған. Сараптамаға баға берілмей қалған. Сондай шикіліктері бар. Мен енді ақтамаса да, шектеу жазасын береді деп ойлағанмын. Сүйтсем, түрме жазасы деп отыр...Бұл іс республикалың деңгейге жетсе, масқара болайын деп тұр" деді адвокат.

Ал Ерғали Құлбаев айыппен мүлде келіспейді.

Қорғау жағы әзірге қолдарына үкімді алмағандарын айтты.

Ерғали Құлбаев қоғамдық-саяси мәселелерге пікірін ашық айтып жүрген жергілікті белсенді. Ол Қаңтар оқиғалары кезінде жаппай тәртіпсіздікке қатысты және халықты өзіне қосылуға шақырды деген айыппен сотталып, бостандығы 4 жылға шектелген еді. Қаңтар оқиғасына дейін де азаматтық белсенділігімен көзге түскен Құлбаев әкімшілік жауапқа тартылған.

Қазақстан билігі ауыл әкімдерін сайлағаннан кейін іле-шала аудан мен облыстық маңызы бар қалалар әкімін тікелей сайлауға өтетінін айтқан. Астана мұны биліктің бір орталыққа шоғырлануының алдын алатын шара деп атаған: аймақтар күшейіп, халық әкімді өзі таңдайды. Бұған дейін кейбір аумақтарда ауыл және аудан әкімдерін сайлау кезінде тәуелсіз кандидаттар тіркеле алмай қалғаны хабарланған.

Былтыр Қызылорда облысында Қазалы ауданының әкімін сайлау өтіп, нәтижесінде Алмасбек Есмаханов аудан әкімі болып сайланғаны хабарланды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media









103news.com — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 103news.com.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.

Другие популярные новости дня сегодня


Новости 24/7 Все города России



Топ 10 новостей последнего часа



Rss.plus


Новости России







Rss.plus
Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России