Добавить новость
World News in Kazakh



Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Туыстары Марат Жыланбаевтың денсаулығына алаңдап отыр

Қамаудағы белсенді Марат Жыланбаевтың кіші қызы Анель әкесінің аштық ұстағанына 44 күн болғанын айтып, оның жағдайы ауыр екенін, әкесінің денсаулығына алаңдап отырғанын жеткізді. Айтуынша, оларға түрмеден хабарласып, әкесін қатаң ұстау жағдайына ауыстырғанын айтқан.
"1 қаңтардан бері таксофонмен байланыс жоқ. Осы уақыт бойы әкем жалғыз адамдық камера отырған. Қарсылық ретінде ол аштық жариялаған, қазір аштықтың 44-і күні" деді Анель.
Оның сөзінше, қатаң ұстау жағдайына көшірілмей тұрып әкесі 14 күн карцерде болған. Мұны отбасына ақпанның басында қысқамерзімдік кездесу кезінде Жыланбаевтың өзі айтқан.
"Терминал арқылы шағым түсіруге мұрсат бермейді. Дүкен әлі істемей тұр. Тінту тиісті емес күндері жүргізіледі. Оның намысына тию үшін "шұрық-тесік" матрас берген, сондықтан ол темір орындықта ұйықтауға мәжбүр. Кітапханаға оны апармайды (біз мекемеге 150 кітап сыйласақ та). Оны барынша қалғандарынан оқшаулаға тырысады. Бүгін бізге оны қатаң ұстау жағдайына ауыстырды деп хабарлады, демек қоқан-лоқының бірі орындалды" деді Анель бір күн бұрынғы видеосында.
Оның сөзінше, жарты жыл күткен ұзақ мерзімді кездесу соның салдарынан шегерілген. "Әкеміз қанішер емес, ұры емес, маньяк емес, ол жақсы адам" деді Анель.
20 ақпанда Азаттық Степногорск түрмесіне хабарласқан. Телефон тұтқасын көтерген қызметкер түрме бастығы мен орынбасарларының барлығы жиналыста екенін, қашан босай алмайтынын айтты. Өзі Жыланбаев туралы сұрақтарға жауап бере алмайтынын жеткізді.
Бірнеше күн бұрын адвокаты Бақытжан Омарханов пен белсендінің жақтастары Степногорскіге барып, бірақ Жыланбаевты көре алмай қайтқан еді. №4 түрме бастығы «бұл үшін Жыланбаевтың өзі өтініш жазуы керек» деп адвокатты кіргізбеген. Ол Азаттыққа дегенмен түрме бастығының кабинетіндегі камерадан тіке режимде оны көре алғанын айтқан.

«Түрме бастығының кабинетінен көрдім. Тікелей режимде. Жалғыз өзі спортпен айналысып жүр» деді адвокат.

Марат Жыланбаев бұған дейін де түрмеде талай аштық жариялаған. Ол түрмеде өзінің құқықтарының бұзылып жатқандығын және сот үкімімен келіспейтіндігін айтқан.
61 жастағы Марат Жыланбаев – Гиннестің рекордтар кітабына енген жеті рекордтың иегері атанған ультрамарафоншы ретінде көпке танылған. Ол тіркелмеген оппозициялық "Алға, Қазақстан!" партиясының бастамашыл тобының жетекшісі болған. 2023 жылдың көктемінде белсенді қамауға алынып, оның ісін жабық қараған Астана соты сол жылы қарашада Марат Жыланбаевты "экстремистік ұйым ісіне араласты" және "экстремизмді қаржыландырды" деген айып бойынша жеті жылға бостандығынан айырған.Соттың ұйғарымы бойынша Жыланбаев: "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы экстремистік ұйым деп танылғанын біле тұра Астана қаласы аумағында "ҚДТ" ұйымының қызметіне белсенді түрде араласып, Мұхтар Әблязов ұйымдастырған заңсыз митингілерге қатысқан. Сонымен қатар, Әблязов пен және оның шетелдегі штабымен байланыс орнатып, олардың Конституциялық құрылымды күштеп өзгертуді көздейтін тапсырмаларын орындаған. 2021 жылы Жыланбаев М.Т. қоғамға қауіпті салдарды түсіне отырып, Әблязовтың тапсырмасын орындап, Астана қаласындағы Республика даңғылында орналасқан ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке келіп, "ҚДТ" ұйымының қызметін насихаттаған. 2022-2023 жылдары Жыланбаев М.Т. "ҚДТ" қызметінің экстремистік сипатын біле тұра, басқа адамдармен сөз байласып, оған ақпараттық, қаржылық және өзге де көмек көрсеткен. Әлеуметтік желіде ұйымды қаржыландыруға және оған қосылуға шақырған". Сот оны қоғамнан оқшаулап қана түзетуге болады деген ұйғарымға келген.Жыланбаев пен оның жақтастары тағылған айыптарды саяси астары бар деп жоққа шығарды.2018 жылы Қазақстан соты ҚДТ қозғалысын "экстремистік ұйым" деп танып, қызметіне тыйым салған. Ал Еуропарламент 2019 жылы наурызда қабылдаған қарарында ҚДТ-ны "бейбіт оппозициялық ұйым" деп атаған.Қазақстандық құқық қорғаушылар биліктің саясатын қатты сынайтын Марат Жыланбаевты "саяси тұтқындар" тізіміне қосқан. Ресми Астана елде саяси тұтқын жоқ, ешкім саяси ой-пікіріне бола қудаланбайды дейді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media









103news.com — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 103news.com.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.

Другие популярные новости дня сегодня


Новости 24/7 Все города России



Топ 10 новостей последнего часа



Rss.plus


Новости России







Rss.plus
Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России