Президент Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады
Мемлекет басшысы Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
— Қасым-Жомарт Тоқаевқа республикалық референдумды ұйымдастыру және дайындық жұмыстары туралы мәлімет берілді. Президент референдумды өткізу барысында ашықтыққа, заңдылыққа және барлық азаматқа тең жағдай жасау қажет екеніне баса назар аударды, — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Air Astana компаниясының бас атқарушы директорын қабылдағанын жазған едік.
Сообщение Президент Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.