Добавить новость
World News in Kazakh



Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Құқық қорғаушылар Еуропа одағын Қазақстандағы адам құқығы мәселелеріне назар аударуға шақырды

Халықаралық адам құқықтары жөніндегі серіктестік (IPHR) пен Қазақстандағы Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюро наурызға жоспарлаған Еуропа одағы (ЕО) мен Қазақстан арасындағы адам құқығы бойынша диалог қарсаңында бірлескен мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде құқық қорғаушылар Қазақстанда азаматтық қоғамға қысым күшейгенін айтып, Еуропа одағын Қазақстандағы адам құқығы мәселелеріне назар аударуға шақырды.

Қос ұйым мәлімдемесінде "Қазақстандағы конституция реформасы асығыс әрі бұлыңғыр жүріп жатқанын", "Конституция жобасы бір айдың ішінде жасалып, референдум 15 наурызға тағайындалғаны мазмұнды пікірталас жүргізуге және азаматтық қоғамның араласуына мүмкіндік қалдырмайтынын" айтады.

"Қазақстанда жасалып жатқан конституциялық реформа саяси модернизацияға қадам ретінде көрсетіліп жатыр. Бірақ қазіргі жағдайда, билік атқарушы биліктің қолына шоғырланғанда, биліктегі теңгерім жоқ кезде, саяси плюрализм шектеліп, оппозициялық партиялар сайлаудан шеттетілгенде шынайы саяси өзгерістің болуы екіталай" деп жазылған мәлімдемеде.

Бұған дейін депутаттар Конституцияны өзгерту күрделеніп бара жатқан өмір талабы деген. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "түзетулер жобасы елді институционалдық-құқықтық тұрғыда жаңғыртумен ғана шектелмейді. Сонымен бірге бұл қадам тұтас мемлекеттік жүйені қайта түзуге жол ашады. Түбірімен өзгерген мүлдем жаңа құжаттың бейнесі қалыптасты" деп мәлімдеген еді.

IPHR мен адам құқықтары жөніндегі бюро Қазақстанда шетелден қаржыландыратын ұйымдарға бақылау және тәуелсіз басылымдарға және ЛГБТ қозғалыстарына қысым күшейгенін айтады.

Құқық қорғаушылар Orda.kz және ҚазТАГ сайттарының (Желтоқсанда Orda.kz бас редакторы Гүлнар Бажкенованың, ҚазТАГ ақпарат агенттігінің бас директоры Әсет Матаев пен бас редакторы Әмір Қасеновтың үстінен "жалған ақпарат тарату" бабымен іс қозғалған. Бажкенова мен Қасенов үйқамақта отыр.) редакторларына "жалған ақпарат таратты" деп іс қозғалғанын, тәуелсіз басылымдар мен блогерлердің желідегі парақшалары бұғатталғанын (Бұған дейін "Просто журналистика" жобасының Instagram-дағы аккаунты, жоба авторы журналист Лұқпан Ахмедияровтың Facebook-тегі парақшасы бұғатталған, журналист Вадим Борейконың Instagram мен Facebook-тегі жазбалары өшірілген, журналист Асхат Ниязовтың Instagram-дағы аккаунты, белсенді Санжар Боқаевтың Instagram мен Facebook-тегі аккаунттары бұғатталған. Кейін кейбір парақшалар қайта ашылған еді.), Азаттық радиосының Қазақстандағы 16 журналисінің аккредитация ала алмай отырғанын тәуелсіз журналистиканы жасып-жаншу деп бағалайды.

Бұған қоса, мәлімдемеде Қазақстанда бейбіт митинг өткізу қиындағаны, "рұқсатсыз шағын пикет ұйымдастырғандар қамалып, айыппұлмен жазаланатыны", жоспарланған митингілер алдында белсенділер ұсталатыны айтылған.

IPHR пен Қазақстандағы Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюро Еуропа одағын Қазақстанмен байланыс орнатқанда осы мәселелерге назар аударуға шақырады.

Ресми Астана елде саяси қудалау жоғын бірнеше рет мәлімдеген. Бұған қоса, органдар жалған ақпарат таратқандар жазаланатынын жиі ескертеді.

Қазақстан мен Еуропа одағы арасындағы адам құқығы бойынша диалог жиыны әр жыл сайын наурызда ұйымдастырылады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media









103news.com — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 103news.com.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.

Другие популярные новости дня сегодня


Новости 24/7 Все города России



Топ 10 новостей последнего часа



Rss.plus


Новости России







Rss.plus
Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России